Алматы қалалық прокуратурасы ҚР үкіметінің бұрынғы басшысы Қажыгелдиннің Алматыдағы пәтерін тәркілеп алуға қол жеткізді

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, пәтер ҚР Жоғары сотының 2002-жылғы шешімі бойынша Ә.Қажыгелдиннің Алматыдағы мүлкінің бір бөлігі ретінде тәркіленген болатын.

С.Оңғарбаевтың айтуынша, сот үкімін орындатушылардың өз міндетін тиісті деңгейде атқара алмауы салдарынан пәтерді сот шешімі шыққаннан бір жылдан кейін ғана прокурорлық тексеру нәтижесінде тәркілеп алу мүмкін болды.
Тәркіленген пәтер 13,3 млн. теңгеге сатылды.