Алматы қалалық қаржы полициясы өзінің әріптесін 25 мың доллар параға сатып алмақ болған бір ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғады

21-мамыр күні "Т+" атты ЖШС директоры Н.Ремков Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Алматы қалалық департаментіне шағым түсірген. Оның хабарлауынша, 2004-жылдың 2-сәуірінде "Конто" ЖШС мен "Т+" ЖШС арасында 41,9 млн. теңгеге жабдық сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойылады. Соңынан В.Соловьев Н.Ремковқа келісім-шарт құнын 70 мың долларға азайту туралы ұсыныс жасайды. Сол үшін ол Н.Ремковтан бухгалтерлік құжаттарда көрсетпей 35 мың доллар беруді талап етеді. Сөйтіп, В.Соловьев жабдық сату туралы келісім-шарт құнын қағаз бетінде жөндеп, оны 32,2 млн. теңге етіп көрсетеді.

2004-жылдың 21-мамырында В.Соловьевты департамент қызметкерлері 25 мың доллар мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұстады. Тергеу кезінде ЖШС директоры мұнай өңдеу жабдықтарын сату және оны құрастырып беру жөніндегі келісім-шарт бойынша берешек мөлшерін азайтып көрсету үшін Н.Ремковтан ақша алғанын мойындады.
Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Алматы қалалық департаменті "Конто" ЖШС-нің директоры В.Соловьеавтың үстінен ҚР Қылмыстық Істер Кодексінің "параға сатып алу " жөніндегі бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір осы іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне сәйкес, ақпаратта фирма басшылары мен олардың қожайындарының атауы мен аты-жөні өзгертілген.