Алматы қалалық қаржы полициясы жасанды спиртті өнімдер өндіретін тағы бір цехты әшкереледі

Жасырын цех шұғыл шаралардың нәтижесінде Шаңырақ -1 ықшам уданындағы бір үйден табылды. Цехта техникалық спирт пен бояудан "Қазақстан" және "Ұлар" коньяктары "өндіріліп келген". Олар "Бахус" АҚ-ның белгісі бар қораптарға салынған. Сонымен бірге бұл жерде "Экстра" арағы "Царская серебренная" арағының бөтелкесіне аударып құйылып отырған.

Шұғыл шара барысында қаржы полициясыынң қызметкерлері "Қазақстан" коньягы бар 832 бөтелке, "Ұлар" коньягы бар 440 бөтелке, сатуға дайын болған арақтан 252 бөтелке, бос күйіндегі 264 бөтелке, техникалық спирт пен бояулар құйылған ыдыстар, қақпақтар мен акциздік маркалар тапты.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, цех қожайындары барлығы 0,5 млн. теңгенің пайдасын тапқан.
Қазір бұл дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің "Заңсыз кәсіпкерлік" жөніндегі 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.