Алматы қалалық құтқару қызметі Пәкістанға 8 құтқарушы жібермекші



Н.Петунинаның айтуынша, құтқарушылар Пәкістанға осы елдің Қазақстандағы елшілігі шығаратын чартерлік рейспен аттанады. Қазір оларды жіберетін күні мен уақыты дәйектелуде.
Құтқарушылармен бірге Пәкістанға 1000 адамға арналған шатырлы лагерь мен Қызыл жарты ай қоғамының азық-түлік тауарлары, ыдыс-аяқтар мен заттардан құралған қайырымдылық көмектері жіберіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің Пәкістандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап қайырымдылық көмек жүктерін тиеген ұшағы 17-қазанда Қарағандыдан Исламабадқа ұшып кетті. Қайырымдылық жүктің құны 28 млн. теңгені құрайды. ИЛ76Т ұшағы Пәкістан астанасына барлығы 40 тонна жүк, соның ішінде 10 тонна сиырдың бұқтырылған еті, 19 тонна ұн, 1 тонна кір жуатын сабын, 20 адамға арналған 26 қысқы шатыр, 520 дана мақталы төсеніштер, жамылғылар мен жастықтарды жеткізді.
Оңтүстік-шығыс Азиядағы Пәкістан, Ауғанстан және Үндістан аумағын қамтыған қуатты жер сілкінісі 8-қазанда болды. Зілзаладан әсіресе Пәкістан Ислам Республикасы көбірек зардап шекті. Онда сілкініс қуаты 7,6 балл болған. Соның салдарынан бірнеше ондаған мың адам қаза тауып, 50 мың адам дәрігерлі көмекке зәру болуда. 2 млн.адам баспанасыз қалды.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті