"Алматы қалалық құтқару қызметі" ұзаққа созылған жаңбырға байланысты төтенше жағдайларлдың болуы мүмкіндігін халыққа ескертеді

"Бүгін, 2008 жылдың 21 ақпанында қардың қалық қабатына жаңбыр жаууға және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы аудандарында ұзаққа созылған жаңбырға байланысты қар көшкіндері түседі деп күтілуде. Сол себепті тауларда абай болуға шақырамыз", -деп хабарлайды "Алматы қалалық құтқару қызметі".

Сондай-ақ, күн райы ахуалының нашарлауына байланысты төтенше жағдайларлдың болу мүмкіндігі жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасынан да ескерту келді.

""Қазгидромет" мәліметінше, 21 ақпан күні түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысында қар және жаңбыр жауып, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болады, жылдамдығы секундына 17 - 22 метрге, кей жерлерде 28 - 33 метрге жететін оңтүстік-шығыс желі соғады", -деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Осыған байланысты аталмыш облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшылығына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

"Қала әкімдеріне автокөліктердің елдімекендерден шығуын шектеуге нұсқаулар дайвндалуда", -деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.