Шағым түсіруге базарды басқарушы "Достар Маркет" АҚ мен базар қызметкерлері тарапынан тазалық талаптарына бағынбау, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының тәртіп сақтау туралы талабын орындамау себеп болған. Л.Лянның айтуынша, бұл шиеленіс бірнеше жылға созылған. Осы уақыт ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы әшкереленген тәртіп бұзушылық оқиғаларын жою туралы бірнеше талап-хат жолдағанымен, базар басшылығы оған пысқырып та қарамапты.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының шағымында тәртіп бұзушылық оқиғаларының толық тізімі келтірілген. Атап айтқанда, гигиеналық тазалық талаптарын бұзу, технологиялық жабдықтар мен тоңазытқыштың тапшылығы, азық-түлік өнімдерімен жұмыс істеуге санитарлық кітапшасы жоқ адамдарды жіберу, сапа сертификаты жоқ азық-түлік өнімдерін сату т.т.
Бүгінге дейін аталмыш іс бойынша екі тыңдау өткізілді. "Достар Маркет" АҚ 90 мың теңге мөлшерінде айыппұл төледі.