Caravan Logo

Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті барлық монополистердің баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамады

Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті  барлық монополистердің баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамады

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Алматы пауэр консолидейтэд" ЖАҚ, "Горгаз", "Горводоканал" РМК тәрізді қаладағы барлық ірі кәсіпорындар баға қымбаттату туралы ұсыныс жасаған. Өтініш бойынша баға 10-50 процентке дейін қымбатталыуы тиіс еді.

Бұл орайда қаланың Түркісіб ауданының біраз бөлігін жылу энергиясымен қамтамасыз етуші "Солтүстік-шығыс энергетикалық кешені" кәсіпорнына ғана баға көтеруге рұқсат берілді. Кәсіпорын отын ретінде пайдаланатын табиғи газ бағасы өсуіне байланысты оған қызмет құнын 9 процентке өсіруге мүмкіндік берілді.