Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, М. Құдышев 1963 жылы дүниеге келген. 1985 жылы "ағылшын және неміс тілдерінің оқытушысы" маманы бойынша Алматы шет тілдер институтын, ал 1989 жылы "экономист мамандығымен Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
Әр жылдары ҚазКСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің Ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі республикалық орталығында, ҚР Ұлттық банкінде, Қазақстанның Даму банкінде, Қазақстанның Инвестициялық қорында, Қазақстанның келісімшарт агенттігінде, "Самұрық" мемлекеттік холдингінде, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жинақтаушы зейнетақы қорында, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жұмыс істеген, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.