Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының шешімімен Әбіловтан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-шілдеде Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің "Ақжол" партиясының тең төрағасы Әбілов өзін өтірік ғайбаттады деп айыптаған шағымы бойынша қылмыстық іс қарала бастады. Сондай-ақ, М.Тінікеевтің Б.Әбілов, "31-арна телерадиокомпаниясы" ЖШС мен "Навигатор" газетінің қожайынына қарсы ар-ұждан мен іскерлік беделді қорғау және Б.Әбіловтың жалған жаласы салдарынан шеккен моральдық шығынды өтеп беру туралы азаматтық іс те қарала бастады. Азаматтық іс бойынша әрбір басылымға қатысты шағым мөлшері 1 млн. долларды құрайды. Сондай-ақ, депутат өзінің беделін түсіріп, ар-ұжданына нұқсан келтіргені үшін Б.Әбіловтың үстінен шағым түсірді. Шағым құны 10 млн. долларды құрайды.

"Ақжол" партиясының тең төрағасы 7 және 16-мамырда республикалық тәуелсіз телеарнаның эфирінде М.Тінікеев парламенттегі орын 100 мың доллар параға сатып алды деп айыптаған.
"Мен өз сөзімнен бас тартпаймын және оны сотта дәлелдей аламын. Бұл іс бойынша куәгерлерді ертең таныстырамын",- деп атап көрсеткен Б.Әбілов М.Тінікеевпен "бейбіт келісімге келмейтінін" жеткізді.