Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін электр энергиясы тарифін 6,8% арттырып отыр, деп хабарлады компания әкімшілігінен.
Компания тарифтің көбейтілуін энергия өндіруші ұйымдардың 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап босатылым бағаны орташа алғанда 5% арттыруына және электр энергияны тарату қызметінің орташа алғанда 6% қымбаттауына байланыстырып отыр.
Сонымен қатар технологиялық байланысты қызметтерге де баға 41% өсті, делінген онда.
Сонымен, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін ҚҚС қосқанда тұтыну көлеміне байланысты дифференцияланған тарифтер мынадай: 1-ші деңгей үшін - 1кВтсағ үшін 14,36 теңге, 2-ші деңгей - 19,44 теңге, 3-ші деңгей - 24,32 теңге .
"Алматыэнергосбыт" ЖШС 2006 жылы құрылған, "Самұрық-Қазына" компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылады.