Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы қаласы мен Алматы облысында ауа райының суытуына байланысты электр қуатын пайдалану 150 МВт өскен. Алматының электр станциясы мен Жамбыл ГРЭС толық қуаттылықпен жұмыс істеуде. Күн райының суытуына байланысты Қырғызстаннан жақын уақытта электр қуатын тасымалдау жоспарланбай отыр. Қазақстанның оңтүстігінде электр қуатының резерв көздері жоқ.
"Алматыэнергосбыт" мекемесі электр желілері мен қуат көздерінде апаттардың болуының алдын алу үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарының электр қуатын үнемдеулерін және де пайдаланылмай тұрған тұрмыстық және жарық беру құралдарының барлығын өшіруді сұрайды.