Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Атап айтсақ, келісімде азық-түлікпен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық жайы айтылған.

Сонымен бірге тараптар ақпарат алмасу, қала шаруашылығын жүргізу саласындағы тәжірибемен бөлісу, жоспарлау және құрылыс, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік қамтамасыздық, мәдениет пен туризмді дамытуға өзара қолдау көрсетеді.