ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 3 маусымда 15 сағат 46 минутта Алматы қаласының халықаралық әуежайы ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Арнайы тексеру шараларын өткізу кезінде жарылғыш зат табылмады.
Сонымен қатар, 3 маусымда 10 сағат 40 минутта "02 пультіне" Майқайың кентінің (Павлодар облысы) мектеп ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жасырын хабар келіп түсті.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, арнайы тексеру шараларын өткізу кезінде жарылғыш зат табылмады.