ҚР Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Мұхтар Тәжібаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұхтар Тәжібаев - мемлекеттік қызметті 1993 жылы Туризм, денешынықтыру және спорт министрлігінің бөлім инспекторы ретінде бастаған. 1997-1998 жылдары Алматы қаласы ТЖ басқармасында жетекші маман, сектор меңгерушісі болған. 2001 - 2010 жылдар аралығында қалалық жалпы білім беру мекемелерінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. 2010 - 2012 жылдар аралығында "Нұр Отан" партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2012 жылдан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еске салайық, ауданның бұрынғы әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы болып тағайындалған еді. Жетісу ауданында соңғы 4 жыл ішінде салық түсімі 21 пайызға артты, өндіріс өнімі 30 миллиард теңгеге (22%) жетті, негізі капитал инвестициясы екі есе өсті, 14 жеке балабақша мен 11 миниорталық ашылды.