Алматы қаласында биыл 156 тұрғын үй пайдалануға беріледі - А.Есімов

«Биыл Алматыда 156 үй пайдалануға беріледі. Осылайша, біз 10 мың адамды баспанамен қамтамасыз етпекпіз. Сонымен қатар, екі жылдан бері қалада ескі баспаналарды қалпына келтіру бағдарламасы жүргізіліп келеді. Аталмыш бағдарлама арқылы 7 ескі үйді қалпына келтірдік. Биыл сол үйлердің қатарына 21 үй қосуды жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ А.Есімов 3 мың алматылықтың тұрмыстық жағдайының жақсарғанын да атап өтті.