Алматы қаласында Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

ЭСК мүшелері Салық кодексінің жобасын, жаңа Бюджет кодексінің тұжырымдамасын және нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін ендіру жайын талқылады.

Сондай-ақ, 2009-2011 жылдарға арналған Экономиканы дамытуды ынталандыру саясатының негізгі бағыттары, ақшалай-кредиттік саясат мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ЭСК отырысы барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кейбір мәселелері қозғалды.

Кеңес отырысында қаралған мәселелердің қатарында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер үдерісі, сондай-ақ стресс активтері қорының тұжырымдамасы аясында рыноктағы шетел банктері бөлімшелері мен сақтандару мекемелерінің қаржылық қызмет көрсетуге қол жетімділігі жайы талқыланды.