Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шара ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, индустрия және сауда министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен "ҚазАгро"Ұлттық холдингі" АҚ ресми қолдауымен өтеді.
Форумды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің еншілес кәсіпорыны - "Қазагромаркетинг" Акционерлік қоғамы, ҚР индустрия және сауда министрлігінің Сауданы реттеу жөніндегі комитеті ұйымдастырады.
"Орталық Азия аймағы елдері жеміс-көкөніс саласының рыногын дамыту" тақырыбында өтетін конференцияның сессиялық отырыстары мәселені жан-жақты талқылайды. Форумда Қазақстанның жеміс-жидек бизнесін дамытудың тиімділігін арттыратын жаңа технологияларды дамытудың әлеуеттік мүмкіндігі мен саладағы технологиялардың проблемалық мәселелері назар төріне алынады, деп хабарлайды мекеме.