Алматы қаласында оқу жылының басталуына орайластырылған дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 1 тамыз айынан 20 қыркүйек айына дейін өтетін жәрмеңкеде отандық өндірушілердің өндірген мектеп киімі мен керек-жарақтары сатылады.

Мектеп жәрмеңкелері Алатау ауданында "Шаңырақ-1" ықшамауданы № 169 мектептің аумағында, "Шаңырақ-2" ықшамауданы № 26 мектептің аумағында өтеді.

Ал Алмалы ауданында Төле би көшесі Тұрғыт Өзал көшесінің қиылысында "Тастақ" базарының аумағында; Жібек Жолы көшесі Абылай хан даңғылының қиылысы "Заңғар" Сауда үйінің жанында өтеді.

Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы "Сары Арқа" базарының аумағында;

Бостандық ауданында "Орбита-3" ықшамауданы № 145 мектептің аумағында; Тимирязев көшесі, 42, "Атакент" Көрме орталығының аумағында өтеді.

Жетісу ауданы бойынша Сейфуллин және Райымбек даңғылдарының қиылысында "АБДИ" сауда орталығының аумағында; Медеу ауданында Жібек Жолы көшесіндегі "Алма" сауда орталығының аумағында, Түріксіб ауданында Сейфуллин даңғылындағы "Балалар өнері үйінің" маңында өтеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.