Алматы қаласында VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Биыл Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жұмысына қатысу үшін Орталық Азия, ТМД, Еуропалық Одақ және Азия мемлекеттерінен фильмдер шақырылады. Кинофестивальдің бағдарламасына 2011-2012 жылдардағы толық метражды фильмдердің халықаралық ойын байқаулары, Орталық-азиаттық понорама, «Қарқынды қазақ киносы» бағдарламасы, сондай-ақ байқаудан тыс «Батыс Кинокөпір - Шығыс: Түркия мен Грециясың киноматографиясы» және «Пусан кинофестивалінің жаңғырығы» атты бағдарламалар енеді.

Фестивалдің бизнес-компонеті «Еуразия» кинофетивалінің маңызды бір бөлшегі болып табылады. Осы жылы еуропалық және азиалық мемлекеттердің продюсерлері мен жалға алушылар арасында байланыс орнату мақсатында «Еуразияда» жаңа фильмдерді нарыққа шығару мен өнімді дамыту үшін бизнес-алаңды құру тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ.

«Еуразия» - жалғыз қазақстандық кинофестиваль, ол IAPF (Халақыралық кинопродюссерлер ассоцациясының федерациясы) регламентіне сәйкес жұмыс істейді. 2012 жылы Ұлыбританияда жыл сайын жарық көретін «International Film Guide» жинағы Халықаралық «Еуразия» конофестивалін көшбасшы 35 әлемдік кинофестивальдер тізіміне енгізді.