Алматы қаласындағы үлкен көшелер қалай жаңартылуда

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталының тілшісі оқиға орнын суретке түсіріп, жаяу жүргіншілер мен жұмысшылардың бірінен сұхбат алды. 

 

- Жұмыстың аты жұмыс. Қиыны жұмыс кезіндегі күннің ыстығы, бірақ амал жоқ, - дейді жұмысшылардың бірі. 

- Жұмысты қашан аяқтайсыздар?

- Нақты айта алмаймын, бірақ, біз жақсы қарқынмен жұмыс істеп жатырмыз. 

Қопарылған жер тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге келеңсіздіктер мен қолайсыздықтар тудыруда.


- Қаланың орталығы болғандықтан, жүріп-тұруымызға қолайсыздық пен ыңғайзыздықтар тудыруда. Бірақ, бұның бәрі қаланың көркеюі үшін жасалуда. Бұрынғыдан да әдемі болады деп үміттенеміз, деп ойын бөлісті жаяу жүргіншілердің бірі. 
- Иә, бәрін қопарып тастадық, ал, қазір жаңа плиткалар қалап жатырмыз. Не айтса, соны жасаймыз, деп жұмысшы кешірім сұрап, одан әрі жұмысын жасауға кірісіп кетті.