Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қала басшысы дарынды балалардың спорт мектебінде, кеше қалалық мәслихаттың жаңа аудан құру туралы шешімі негізінде пайда болған аудан әкімдігі уақытша орналасатын №169 қазақ мектебінде болды. Бұдан соң А. Есімов Алатау ауданы әкімдігінің ғимараты салынатын орынды көрді".
Әкім осы маңайда тұтарын халықпен де жүздесті. Олар қалаға қосылған ауылдардың қордаланып қалған мәселелерін шешуде жаңа ауданның қажеттігін қолдайтындықтарын бірауыздан жеткізді.
А. Есімов жаңа ауданның жаңа әкімі Бағдат Манзоровты жиналған жұртшылыққа таныстырды.