"Қаладағы энергетикалық кешеннің ахуалын дағдарысты деуден гөрі, мүшкіл деуге тұрады",- деп атап көрсеткен қала әкімі "бұл жерде түбегейлі шешім қажет", деді .
Әкімнің айтуынша, АПК-ның жалпы берешегі 19 млрд. теңге (150 млн$), оның 7,9 млрд. теңгесі Халық банкіне берешек, 6,2 млрд. теңгесі бюджетке берешек, 4,3 млрд. теңгесі мердігерлер мен сатушыларға берешек болып табылады. "Нақты ахуалды жасырмай айтатын болсақ, электр қуаты өндірісінің тиімділігі 0-ге тең, жылу энергиясын өндіру және оны тарату шығынды, кешеннің жылдық шығыны 1,5 млрд. теңгеге тең",- деді әкім.
"Дәл қазір АПК кешенінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қарызды қайтарумен бірге тек биылғы жылдың өзінде 15 млрд. теңгенің (100 млн. $) инвестициясын жұмсау қажет. Бұл қаржыны бюджет жаба алмайды",- деді И.Тасмағамбетов. Сонымен бірге әкімнің айтуынша, 2015-жылға дейін кешенге 142,6 млрд. теңгенің инвестициясын салу қажет. "Өткен 5 жылда бюджеттен АПК үшін 4 млрд. теңге бөлінді. Осы мерзімде алынған несие мөлшері 8 млрд. теңгені құрады. Басқаша айтқанда, энергетикалық кешеннің жұмысы несиелер есебінен қамтамасыз етіліп келді",- деді қала әкімі.
Ол осы орайда Халық банкі несие туралы келісім-шарты мен заң шеңберінде әрекет етіп жатқанын атап өтті. "Осындай жағдайда әкімшіліктің не істеуі керек? Телефон тұтқасын көтеріп, ежелгі әдеттегідей, банкке заңнан тысқары ақшалай сауда-саттық жүргізуге тыйым салу керек пе? Менің олай істеуге қақым жоқ",- деді әкім.
"Қазір біздің қолымызда қажетті қаржы жоқ. Кепілге қойылған Алматы немесе Қазақстан қонақүйі сынды муниципалдық мүлікке де зәруміз. Банктен несие алып, қайтадан АПК-ға салатын. Демек, тығырықтан шығар жалғыз жол бар. Ол - мүлік кешенін сату. Және ол міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс",- дейді әкім.
"Ал қонақүйлер мәселесіне келсек, олар мүлік кешенінің құрамына енгені шындық, сондықтан, олардың тағдырын айқындау құқығы банктің құзырында. Олар баяғыдан бері бәсекелі ортада жұмыс істеп, қалаға салықтан кіріс әкелетін субьектіге айналуға тиіс болатын. Өз басым бұл екі қонақ үйдің тағдырына емес, АПК-ның тағдыры мен болашағына алаңдаймын",- деді И.Тасмағамбетов.