"Екі ел халықтарының арасындағы мәдени - рухани және достық байланыс жөніндегі келісім аясында үстіміздегі жылдың 8 маусымында Катар мемлекетінің делегациясы Алматыға келді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Катар елі делегациясының басшысы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке ыстық ықыласты қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан делегациясын Катардағы үлкен Ислам мұражайының ашылу салтанатына қатысуға шақырды.
"Аса құрметті әкім, мен Сізге Қазақстанда Катар мәдениеті күндерін өткізудегі көмегіңіз үшін ризашылық білдіремін. Біз алдағы уақытта мәдениет, экономика мен инвестиция саласында байланыс қалыптастырсақ дейміз. Қазақстанмен, соның ішінде Алматы қаласымен туризм саласында да қарыс-қатынасты өрістетуге мүдделіміз, Сіздердің табиғаттарыңыз қандай әсем, ал халық өте қонақжай екен"- деп атап өтті Шейх Мешаль Бен Джасим Бен Мұхамед әл Тәни.
Катар делегациясы Алматыда маусымның 14 жұлдызына дейін болады.