"Екінші деңгейдегі банктердің несиелері есебінен өз қаражаттарын үлестік құрылысқа салған үлескерлердің бір бөлігі өз пәтерлерін ала алмаса да, несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені төлеп отыр. Біз Қаржылық бақылау агенттігі мен екінші деңгейдегі банктердің басшылығынан осындай үлескерлердің несиені төлеу мерзімінің басталуы мен аяқталу мерзімін ары қарай жылжыту мүмкіндігін қарастыруды өтінеміз. Олар соншалықты көп те емес", - деді А. Есімов.
Сонымен қатар, ол Алматыдағы электр қуатының, жылудың, судың жетіспеушілігі мәселесін шешу қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасады. "Кейбір нысандар тиісті техникалық жағдайлары болмаса да салынды. Сондықтан, біз қазіргі таңда жетспеушілікті тартып отырмыз. Біздің есептеулеріміз бойынша, осы қуат жетіспеушілігін жабу үшін 3 жыл көлемінде қаланың инфрақұрылымына әртүрлі көздерден 50 млрд теңгеден кем емес қаражат салу керек", - деп мәлімдеді әкім ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке арнаған сөзінде.