Алматы қаласының әкімі Пәтер иелері коопертивтеріне өз бюджеттерін ұлғайту үшін дәстүрден тыс кіріс көздерін қарастыруды ұсынады

Атап айтсақ, В.Храпунов тұрғын үйлердің ауласындағы учаскелердегі автотұрақтардан төлем алу, немесе үйлердің фасадында саяси партиялардың жарнамасын орнатуды ұсынды. "Қажет жағдайда әкімшілік сіздерге үйлердің ауласына кіре берістерде шлагбаум орнатуға рұқсат береді",- деді әкім.

Аудандарды аралау барысында әкім бұл жолы қалалық бюджеттен аулаішілік аумақтар мен аяқжолдарды жайластыру үшін бөлінген қаржының пайдаланылуын бақылауды көздеген. 2004-жылы бұл мақсатқа 300 млн. теңге бөлінді. Бұл аудандық әкімшіліктерге соңғы 10 жылда аталмыш мақсатқа бөлінген алғашқы трансферт болмақ. Алдағы екі аптада В.Храпунов қала аудандарын осындай тексерумен жаппай аралап шықпақшы.