«Euro RSCG Kazakhstan» ЖШС Әкімшілік заң бұзушылықтар кодексінің 1-бөлімі 349-шы бабы бойынша айыпты деп танылсын және 100 АЕК немесе 185200 теңге көлемінде мемлекеттік бюджетке айыппұл төлесін», - деді судья Рауза Әлиева сәрсенбідегі сот отырысында.
Сонымен қатар сот агенттік директоры Дария Хамитжанованы 70 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді», - деп атап өтті судья.
Агенттік директоры соттың қаулысына қарсы шағымданбайтынын айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, «Euro RSCG Kazakhstan» ЖШС-нің Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған постері тамыз айында әлеуметтік желілерде талқыланып, жұртшылықтың наразылығын тудырған болатын.