Алматы қаласының іргесіне "Көкжайлау" тау шаңғысы курортын салу тиімсіз –сарапшы

Жобалық қаржыландыру жағынан және жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда Алматы қаласының іргесіне "Көкжайлау" тау шаңғысы курортын салу тиімсіз, деп топшылайды қаржыгер Дмитрий Жуков.


           Оның мәліметтеріне қарағанда, курорт салуға 750 млн доллар жұмсау көзделген. "750 млн доллар деген цифр декларацияланған техникалық –экономикалық негіздемеде келтірілген 450 млн доллар деген цифрге сай келмейді. Шығынның біршама бөлігі, яғни бүкіл инфрақұрылым қаржысы( жол салу, электрмен қамсыздандыру, канализация тағы басқасы) жобадан тысқары шығарылып отыр", деді ол.
           Сарапшылар нендей пікір айтса да, олар курорт салмақ райларынан қайтпайтын сыңайлы", деді ол Алматыда дүйсенбіде "Көкжайлауды құтқарайық" деп аталатын стол басындағы әңгіме барысында баяндама жасаған кезде.
           Кездесуге қатысқан "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов курортқа келуі ықтимал адам саны, деп болжанған цифрге де түсінбестік білдірді.
           Болжанған цифрлерге қарағанда, онда қыста күніне 1 158 000 қазақстандық бармақ, бірақ Қазақстанда сонша шаңғышы да жоқ қой, деді ол.
           Мұндай курорттың салынуына экологтар, үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық өкілдері қарсы.
           Экологтардың айтуынша, курорттың салынуы Алматының экологиялық ахуалына және Көкжайлаудың өзіне кері ықпал етпек.