Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Медеу ауданының маңызды проблемаларының бірі саудаға арналмаған жерлерде сауда жасау, сондай-ақ, көріктендіру ережелерін бұзу мәселелері болып отыр.
Ауданда дүңгіршектер санын азайту бойынша шаралар үнемі жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, Медеу ауданының әкімі ауданаумағындағы шағын бөлшек сауда нысандарын азайту жөніндегі бағдарламаны бекіткен.
"Қазір Пушкин, Мақатаев, Жангелдин, Жібек Жолы көшелерінде Құлжа және Талғар трактілерінде жаппай базарлар ұйымдастырылған. Аумуқтарға бекітілген учаскелік инспекторлар іс жүзінде шеттетілген және стихиялық сауданы жою бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқан жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
"Салынатын айыппұлдар көлемінің артуына қарамастан стихиялық сауда және көріктендіру жұмыстары жақсарудың орынына, басқаруға келмей бара жатыр", - деп хабарлады Медеу ауданы әкімінің аппараты. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 165 бабы (Белгіленбеген жерлерде сауда жасау) бойынша жыл басынан бері Медеу АІІБ учаскелік инспекторлары 522 мың теңге сомасына 1688 адамға айыппұл салған.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері аудан аумағында 77 сауда нүктесі жойылған. Атап айтқанда, самса сататын 9 дүңгіршек, аяқ-киім жөндейтін 1 дүңгіршек, баспа өнімдерін сататын 12 сауда жаймасы, 4 гриль дайындайтын қондырғы, контрафактілі дискілерді сататын 21 сауда нүктесі.