5 жаңа автобус бағыты қосылып, 40 көше жөндеуден өткізілді. Аудандық әкімдік, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мемлекеттік кіріс басқармасы, Аудандық сот, Прокуратура, Ішкі істер басқармасы бүгінгі таңда халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде. 150 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде жуық арада тұрғын үй кешендері, 2 мектеп, 1 балабақша салынады деп жоспарланған.
Ахметжан Еcімов, қала әкімі:
- Дамудың бас жоспары бойынша, көлік-логистикалық жүйесіне нақты назар аударылатын болады. Жандосов көшесін кеңейтіп, Абай мен Улықбек көшелерін шаһар шекарасына дейін созу көзделіп отыр. Халықты тұрақты қуат көзімен қамтамасыз ету мақсатында 9 қосалқы бекет салу қажет, - деп хабарлайды http://24.kz/.