Алматы қаласының орталығындағы бос жерлерді қайта бөлу қажет - сауалнама мәліметтері

Апта сауалы былай берілген: "Компанияларға коммерциялық құрылыс салу үшін сатылған Алматы қаласындағы бос тұрған жерлердің мәселесін қалай шешкен дұрыс?".

Біздің оқырмандарымызың 36 пайызы әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар, балалар бақшасы) салуға беру керек деп есептейді. Тағы 35 пайызы бұл жер телімдеріне саябақтар егуге өз дауыстарын берген. Компанияларға құрылысты аяқтауды міндеттеуді оқырмандардың 21 пайызы қалайды. Жеке тұрғын үй салуға немесе басқа жолын қарастыру керек деген жолдардың әрқайсысына оқырмандар 4 пайыздан дауыстарын берген.