Алматы қаласының прокуратурасы «БТА банктің» қызметін тоқтатты

«Тексеру барысында заңсыз жолдармен алынған табыстарды заңдастыруға (ізін жасыру) қарсы әрекет ету туралы заңнаманың жүйелі түрде бұзылу фактілері анықталды. Нақты айтқанда, олар қаржылық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган - ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитететін уақытылы ақпараттандырмай отырған», - деп айтылған хабарламада.

Прокуратура анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Ұлттық банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетіне заңдылықты бұзушылақтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Қадағалаушы орган «БТА банкті» әкімшілік жауапкершілікке тартып, банк операцияларын жүргізуді тоқтату жөнінде шара қолдануды талап етті.


Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот қаулысымен банктің іс-әрекеті Әкімшілік бұзушылықтар туралы кодекстің 168-3-бабы 1-бөлімі бойынша құқыққа қайшы болып танылды. «БТА банкке» 350 айлық есептік көрсеткіші, яғни 605 580 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

«Ұлттық банк басқармасының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысымен «БТА банктің» банктік және басқа да операцияларды жүргізуге лицензиясының күшін және қолма-қол шетел валютасымен ақша айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде құнды қағаздар нарығындағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп ақпараттандырды прокуратураның баспасөз қызметінде.