Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 17 - 18 сәуірде Алматы облысында жауын-шашын - жаңбыр мен қар, 18 - 19 сәуірде ауа температурасы минус 2 - 7 градусқа дейін төмендейді.
Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауға сапарға шығудан бас тартуды қажеттігін ескертеді.