Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Елімізге белгілі әнші Мадина Сәдуақасова және Музарт тобы, басқа да бір топ өнер адамдары қарапайым халықты сәрсенбінің сәтті күнінде тосын сый жасап қуантты.
Әнші бұл туралы инстаграм парақшасында жариялады:
"Еліміздегі бір топ өнер адамдары және кәсіпкер Досбол Мәлікомар "біз біргеміз" акциясына қатысып “Сәуір болмай тәуір болмас” деп, үйлерге кіріп тосын сый ретінде азық түлікке толы қораптар тараттық. “Міне, керемет, десеңізші!" - деп ағынан жарылды.
Бұл акцияға Бағлан Әбдіраймов, Жасұлан Базарбаев, Бейбіт Күшқалиев белгілі режиссер Ақан Сатаев және басқа жұлдыздар қатысты.