Алматы қарды кетіруге 35 миллион теңге жұмсады

«Реагент» деп аталатын қоспа қарды жерге тигізбей ерітіп жібереді екен. «Көктайғақтан енді ғана көз аштық» деген шенеуніктер бұған дейін көшелерге шашылып келген тұз бен құм тиімсіз дегенді айтты. Ал құрамында кальцийі бар осы қоспа әлдеқайда дұрыс екен. Осылайша, қыруар қаржыны қарға шашқандар келесі қыста да осы жаңа технологияны пайдаланамыз деп алақандарын ысқылап отыр. Десе де, химикаттың күші жетпеген көшелердегі қарды қолмен тазалап алуға тура келді.  

Еркебұлан Оразалин, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

-Ол экологиялық жалпы бізге тиімді қала үшін осы жасыл желектерге ешқандай зияндылығы жоқ. Жалпы алғанда осы тұзды қоспаны дайындайтын автоматтандырылған машина ғой.

Loading...