Алматы қаржы полициясының басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары 12 жылға бас бостандығынан айрылды

Осы орайда еске сала кетсек, Ғ. Қыстаубаевты ҰҚК қызметкерлері 2006-жылы қолға түсірген. Тінту кезінде оның сарайынан 1 млн доллар, "бентли", "лексус", екі "мерседес" автокөліктері, "харлей дэвидсон" мотоциклі, сондай-ақ, 12 құндыз тон, 200 қымбат костюм, ондаған қымбат швейцар сағаттары мен басқа да құнды бұйымдар табылған.

Тергеу барысында Ғ.Қыстаубаев пен қаржы полициясының қазір жұмыссыз қалған тағы сегіз қызметкерінің "ұзық уақыт бойы" Алматы кәсіпкерлерін бопсалаумен шұғылданып келгені анықталған. Қыстаубаев "қылмыстардың жоспарын өзі жасап, кәсіпкерлерден бопсаланатын қаржының көлшемін белгілеп, сыбайластарының іс-әрекетін үйлестіріп, артынан қылмыстық жолмен табылған қаржыны бөліп отырған".

Сотта сегіз кәсіпкерге қатысты бопсалау деректері дәлелденді.

Сотың шешімімен Ғ.Қыстаубаев 12 жылға бас бостандығынан айрылып, қылмыстық топтың басқа мүшелері 7- 10 жылға кесілді.