Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қаржы орталықтары, банктер және ХҚКО жұмыстары тоқтамайды. Сыртқы периметрде ешқандай бекет жоқ. Сондықтан қала тұрғындары және облыс тұрғындарына қалаға кіруге және шығуға ешқандай кедергі жоқ ", - деді ол онлайн-брифингте.
Еске салайық, бүгін еліміздің бірқатар өңірінде карантин шаралары күшейтілді. Қостанай облысында карантин күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатқаны белгілі болған.
Алдағы демалыста Бурабай, Қапшағай және Баянауыл туристер үшін
жабылады.
Шектеу шараларын толығырақ мына жерден көруге болады.