Жүргізілген іс-шара барысында Алатау ауданында - 3, Әуезов ауданында - 6, Алмалы ауданында - 4, Бостандық ауданында - 7, Жетісу ауданында - 9, Түрксіб ауданында - 6 заңсыз жұмыс істеп тұрған орындар жабылды.
Рейд жұмыстары сонымен қатар, қала базарларының айналасында да жүргізілді. Полиция күшімен барлық жабайы сауда мен жайма базар нүктелері таратылды. Мұнда негізінен көкөністер мен жеміс-жидектер, сонымен қатар, ұсақ-түйек тауарлар сатылған.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.