Алматыда қалалық салық департаменті бастығының орынбасары Бағдат Әжінұров 26 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлады қалалық экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен.
Таралған ақпаратқа қарағанда, 7-тамыз күні Алматының қаржы полициясы Б.Әжінұровқа қатысты республиканың Қылмыстық кодексінің 307 бабының 2-тармағына орай іс қозғаған.
Қаржы полициясының қызметкерлері қылмыстық топтың қызметіне тойтарыс берген, бұл топ жалған кәсіпорындардың атынан жалған құжат өткізумен айналысқан, демек, басқа компанияларға жалпы сомасы 600 млн теңге салық төлеуден жалтаруға ықпал еткен.
"Анықталғандай, жалған кәсіпкерлер заңсыз жолмен алынған ақшаның белгілі бір пайызын көмегі үшін салық департаменті бастығының орынбасарына беріп келген", делінген онда.
Шұғыл -іздеу шаралары барысында қаржы полициясының қызметкерлері оны жалған құжат бергендігі үшін 26 млн теңге пара алу кезінде ұстаған.
Сонымен қатар оны кабинетін қарау кезінде 30 мың доллар ақша, басқа да жалған кәсіпорындардың құжаттары табылған.