Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
16 маусымнан бастап Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артқан еді. Зерттеулер бойынша бүгінде COVID-19 жұқтырғандар санының артуына стелс-омикрон әсер еткен.
Еске салайық, бұған дейін елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шаралары қабылдау керек екені туралы шешім қабылданған болатын:
- науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
- COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
- жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
- 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.
Сондай-ақ, аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.