Алматы шенеуніктері көлік тұрағына ақы төлейтін болды

«Алматы әкмішілігінің алдында ақылы көлік тұрағына қосымша тұрақ орны жалғанды», – делінген “Алматы спецтехпаркинг сервис” компаниясының мәлімдемесінде.

«Бұл тұрақ: «жұмыс орнына өз көлігімен келетін шенеуніктер де басқа қала тұрғындары секілді көлік тұрағына ақы төлесін», деген қоғам сұранысына сай ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.


Компания мәліметіне сүйенсек, Алматыда ақылы көлік тұрағының бірегей автоматтандырылған жүйесін құру сынамалы жобасы қаладағы әртүрлі орындарда 317 көлік орнына есептеулі.