"Қалалық сот қызметкері Алматы кәсіпкерінің берген арызы бойынша қолға түсірілді. Ол Алматының қалалық сотының бақылау коллегиясында қарастырылатын азаматтық ісі бойынша үкімнің оның пайдасына шешілуі үшін Алматы қалалық сот төрағасының көмекшісі одан ірі көлемде пара беруді талап еткені жөнінде өткен жылдың қазан айында ҰҚКД хабарлады. Пара мөлшері 200 мың долларды құрады ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
"Пара алғаннан кейін бұрынғы сот қызметкері сөмкеге салынған ақшаны жер үйдің қашасының ар жағында тұрғын белгісіз бір адамға лақтырған. Ол сөмкедеге ақшамен бірге ізін суытқан. Сол күні параны талап еткен қызметкер қолға түсірілді. Ақша да табылып тәркіленді ", - деді Ұ ҚКД қызметкерлері.
Сонымен қатар баспасөз қызметі хабарлағанындай, Алматының Алмалы аудандық соты есірткіні заңсыз сатқан Алматы ІІД есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес басқармасының бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шығарып, оны 10,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұрынғы полиция қызметкері тәркіленген есірткіні қайта сатумен айналысқан. Ол өткен жылдың тамыз айында героин сатқан жерінде құрықталды.