Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жарияланған кестеге сәйкес, Атырау облысы "қызыл" аймақта қалып отыр. "Сары" аймақта Алматыдан басқа Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Барлық қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.
Еске салайық, 22 желтоқсандағы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 733 адам тіркелді, оның 88-і Алматы қаласының тұрғыны.
Елімізде барлығы 148 708 жағдай расталды.