Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Алматының бірнеше ауданында сағат 12:00 шамасында жарық өшірілді. Желі қолданушылары қазіргі уақытта Медеу, Жетісу, Түрксіб, Бостандық, Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарында жарық жоқ екенін хабарлайды.
«Электр энергиясының өшуі KEGOC желісі бойынша болып отыр. Желідегі кернеу төмендеді. Электр энергиясын қайта қосу жұмыстары басталды», - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.
Қырғызстанда, Қазақстанның оңтүстігінде және Ташкентте жарық өшкені туралы хабарламалар келіп түсуде.