Жуалы ауданында аудандық жолдарды қардан тазалап, тиісті шаруашылық заттарды жеткізу үшін, 25 бірлік техника мен 43 адам жұмылдырылды.
Ауыр халде жатқан адамдарға көмек көрсету мақсатында ҚР ТЖМ қорындағы ауданға жедел жылдамдықпен жүретін 2 бірлік техника жіберілді ("КамАЗ" және "Нива Марш").
Ауа-райына байланысты, Талас ауданының жолдарында көлік қозғалыстары тоқтатылды (Аса елді мекенінен Каратау және Жаңатас қаласы бағытында), деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Жуалы ауданында 24 градус аяз болса, Талас ауданында 16 градус суық, жел жоқ. Ал Қордай ауданында минус 14 градус, жел жылдамдығы секундына 10 метрге дейін барады.