Алматы тауларында қар көшкіні жүреді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қөп мөлшерде (49 миллиметр) жауған қарға байланысты Жетісу Алатауында 16-17 қарашада қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз", - деді ТЖД өкілдері.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімдігіндегілер қар көшкінің жүруі мүмкін екенін ескерткен болатын. "Қар көшкініне байланысты қарашаның 16-нан 17-не қараған түннен бес тәулік бойы қолайсыз ауа райы болады. Таңғы уақытта жұмысқа қоғамдық көлікпен жететін тұрғындарға ертерек шығуға кеңес береміз", - деген еді әкімдіктегілер.