Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабаралайды.
Қар барысын түсіріп алған видеограф, блогер Әділет Рахметолла өзінің қуанышымен желідегі парақшасында бөлісті.
”Мен бақыттымын. Өмірімде алғаш қар барысын түсірдім”, - деп жазды ол.
Сирек кездесетін жыртқыштың кадрлары әлеуметтік желіде лезде таралып, санаулы сағатта 1 миллионға жуық қаралым жинады.
”Керемет”, “Ғажап құбылыс”, “Не деген сұлулық”, “Қарағанының өзі адамға рух береді”, - деп жазды желі қолданушылары.
Бейнежазбада қар барысының табиғи ортада еркін қозғалып жүргенін көруге болады.
Айта кетейік, қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген және ерекше қорғауға алынған жануарлар қатарына жатады.