«Almaty Towers» қожайындарының бірі өрттің себеп-салдарын болжады

Facebook- тегі парақшасында Әмірхан Омаров есімді қолданушы жазба қалдырды.Онда өрттен келтірілген шығын мен ауқымы жайында баяндалған. Бұл туралы Caravan.kz хабарлады.

«Оңтүстік мұнараның 6-қабатында салынып жатқан батут орталығы жанды. Басқа қабаттарды өрт шалған жоқ. Тілсіз жаудың себеп-салдарын құқық қорғау органдары анықтайды. Ол менің құзыретімдегі мәселе емес. Алдын ала болжам бойынша, өрт құрылысы жүріп жатқан батут орталығында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан шыққан»,- деп жазды ол.

Төменгі қабаттар өрт сөндіру кезінде қолданылған судан аздап зардап шегуі мүмкін.

«Ғимарат 9 адамға тиесілі. Бізге 31 пайызы қарайды. Яғни 1,2- қабат, 7 мен 8-қабат, 9-12-қабаттар аралығы және 21-22- қабаттар.


Бізге тиесілі бөлігі дін аман. Өрт сөндіру жүйесі жұмыс істеп тұр. Алтыншы қабат басқа компанияның меншігінде және жалға берілген»,- деп нақтылапты өз жазбасында.

Еске сала кетсек, кеше «Almaty Towers» бизнес орталығы ғимаратында болған өрт кезінде 1 адам мерт болды.