Алматы трамвай депосындағы өрт қоғамдық көлік қозғалысына кері әсер етпейді

Бұл туралы «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл оқиға муниципалды трамвай депосының жұмысына әсер етпейді, барлық бөлімшелер қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Депо қызметкерлері техникалық қызмет көрсетуге қажетті құрадарды аман алып қалыпьы.
Бұған дейін хабарланғандай, сейсенбіге қараған түні депоның шатыры жанып, жалын 1800 шаршы метрге жуық аумақты шарпып үлгерген. Адам шығыны жоқ.
Хабарламаға сүйенсек, «құрамдардың бәрі де жұмысқа жарамды»
Тек таңғы сағат 6:00-де №4 бағыт бойынша үш құрам, №6 бағыты бойынша екі трамвай кешігіп берілді.
«Өрт салдарын толық жойғаннан кейін бес трамвай қайтадан өз бағыттары бойынша жұмысқа кіріседі», делінген хабарламада.