Алматы Тұңғыш Президент Паркінде топиарлық бақ пайда болды

Басқарманың хабарлауынша, жазғы Алматының келбеті бұрынғыдан құлпыра түспек. 

Қалада қазір 250 мың шаршы метр аумақта гүлзарлар жайқалып тұр. Оның 77 мың шаршы метр аумағында маусымдық гүлдер егілген.

38 мың шаршы метр аумақта раушан гүлдері өсіп тұр.

Биылдың өзінде 4 895 шаршы метр аумақта розарий отырғызылды.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент паркінде 1,2 га айумақта топиарлық бақ жайқалмақ.

Бақта «Жасыл пианист», «Саванна», «Геометрия», «Пластика» пішіндері пайда болды.


Табиғи ресурстар басқармасы қаланы көріктендіруге өз еркімен үлес қосып жүрген азаматтарды арнайы сыйлықтармен марапаттап, байқау өткізетіндігін хабарлады.