Еркегіне еркегі елтіп, қызына қызы құмартқан жын-ойнақтың ішкі көрінісі бұл. Зіңгіттей жігітті соқталдай азаматтың құмарлана құшағына қысуы гей-клубта үйреншікті құбылыс. Сорақысы сол, Құдай атқан жерге келетіндердің қатары тәулік сайын көбейіп барады. Бұл іштегі есерлік қана, таң ата көгілдірлер тысқа шығып адамның құлағы естіп, көзі көрмеген қылықтар қылады екен. Қапталға қоныстанған қараша «клуб жабылсын» деп қанша арызданса да, нәтиже жоқ.
Данияр, Алматы қаласының тұрғыны:
-Олар түнімен клуб ішінде ішіп есірткі шегіп таң ата далаға шығады. Осы жерде айқайлап ән айтып кейбірі төбелесіп жатады. Өздеріңіз естігендей қалғандары далада жігіт пен жігіт, қызбен қыз болып жыныстық қатынасқа түседі.
Қылша мойындарын талша қып тартатын бұғалықтың болмасын білген көгілдірлер тіпті еркінсіп кеше қазақтың қазынасы Құрманғазы мен орыстың ұлысы Пушкинді сүйістіріп сурет салуға тапсырыс бергенін айтқанбыз. Құрманғазы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы адам жиіркенетін тірлігі бар клубтарын жарнамалау үшін екен. Бұл мекен-жайда Ұлттық Ғылым Академиясы да бар. Ғалымдар жынысынан жаңылғандармен амалсыз көрші, кезінде бұл жер өздеріне тиесілі-тұғын.
Олег Егоров, Экономика институтының бас ғылыми қызметкері:
-Бұл біздің ғылым академиясының төтенше жағдайлар кезінде қорғанатын жері еді. Кейін сатылып орнына мейрамхана ашылады деді. Біз қарсы шыққасын құрылыс тоқтады. Аз уақыттан соң қызу құрылыс басталып мына ғимарат тұрғызылды, сөйтсек бұл гей-клуб екен. Масқара ғой, қарсы шықсақ та ешкім бізді тыңдамайды.
Көгілдірлердің көптігі кімге пайда екені беймәлім, әйтеуір адамдардың арызына құлақ астырмас қорғаушылары бары аңғарылады. Өйткені қос ұлттың ұлыларын масқаралаған орталықтың мұртын балта шапқан жоқ. Жұрт бүгін де көрген мұндағы бассыздықты.
Берік Әділханұлы, күзетші:
-Қыз бен қыз отырады, жігіт пен жігіт отырады, ондайлар болып жатыр. Сүйісіп жатады оны да көріп жүрміз. Таңғы жетіге дейін.Төңірегін ластайды әйтеуір темекі, шыны, тастайды. Айқайлайды әйтеуір.
Ал қос ұлының атындағы көшелердің қиылысында орналасқан клубтың басшысы бұл сорақы суретке қатысымыз жоқ деп ақталды. Өздері жағаларын ұстап отыр екен.
Мария Бельская, клуб директоры:
-Бірден айта кетейін, бұл суретке біздің клубтың ешқандай қатысы жоқ. Ғаламторда айтылғандай тапсырыс берген біз емес. Жарнама жасаушылар демалыс орнының абыройын төкті, қазір біз суретті жасаған жарнама компаниясын сотқа бермекпіз. Және Құрманғазы мен Пушкинді біздің клуб ешқашан бұлай масқараламас еді.
-Даласын ластап, баласын мазақтап, бабасын масқаралаған гей- клубтың қызметі өрістемесе кеми қоймаған. Еркегі еркегін, қызы қызын аймалап жататын мекеменің әкімшілігі болса өздерін көгілдірлер орталығы дегендерді сотқа береміз деп дөң айбат шегіпті. Битке бола тонын өртер ешкім жоқ бірақ, қапталдағы көршілері бірауыздан бұл гей-клуб деп әшкереледі. Айтпақшы ұлттың намысына түкіріп арсыз сурет салдырғандардың істері майшаммен қаралмақ, оларды құқық қорғау орындары жауап алуға шақырыпты.